9 мамыр күні

     Қарақұр ауылдық округінде 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай  қастерлі  мереке қарсаңында Қарақұр ауылдық округ қамтуындағы 16 тыл ардагерлеріне  «Аппақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен қаржылай сый-сияпат көрсетілді.  Алдымен 90 жастан асқан қария Қожан Нахыповпен сәлемдесіп мерекемен құттықтады. Ел басына күн туғанда, ерлікпен еселі еңбек етіп, халықтың алғысын арқаладық. Қара жұмысқа жегілсек те, саналы ғұмырымызды бүгінгі толқынның болашағына сарп еттік. Қазір соның арқасында ешқандай қайғым жоқ. Кемпіріміз екеуміз балаларымыздың қызығына бөленіп отырмыз, - дей келе қария осы мерекеге демеуші болып отырған «Аппақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына алғысын айтты.
     Бұдан әрі, тыл ардагерлері  Сайлау Әбдіраймов, Иманқұл Әлжановтың  үйіне барды.  «Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбірлігі мен ерлігі, ерекше табандылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында Жеңіске қол жеткізгенімізді білуі керек» деген қариялардың сөзін қостаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Момбеков сөз соңында  Аппақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсеткен демеушілігінің есебінен Қарақұр ауылдық округінде көптеген игі істер атқарылып, әр бір даталы күндер аталып өтілуде дей келе серіктестік  басшылығына зор ризашылығын  жеткізіп, бейбіт өмір мен еңбектеріне табыс тіледі.