Біз туралы

«АППАҚ» ЖШС  - уранның өнеркәсіптік өндірісіне шыққан алғашқы қазақстандық-жапондық бірлескен кәсіпорын.

Компания «Мыңқұдық» кенорнының «Батыс» телімін игеру мақсатында 2005 жылы құрылған. Құрылу сәтінде оның жалғыз құрылтайшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болды.

2006 жылғы 6 шілдеде «АППАҚ» ЖШС қатысу үлесінің жаңа үлестірілуімен қайта тіркелді.

«АППАҚ» ЖШС құру көрсетілген компаниялар арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші бөлігі болып табылады.

                                    

Өндірістік қуаттар мен кеніштің тұрғынжайлық қорының құрылысы, әрі оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылды.

«Біздің тарихымыз»:

  • 2005 жылғы 14 шілде

«2010 жылға қарай 15000 тонна» бағдарламасының аясында, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы» 2005 жылғы 27 мамырдағы №4/2 шешіміне сәйкес, 2005 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 100% қатысу үлесімен «АППАҚ» ЖШС құрылды.

  • 2006 жылғы 23 қаңтар

Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен екі жапондық корпорация – Сумитомо Корпорэйшн және Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк. стратегиялық серіктестік туралы келісімге және компаниялар арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші бөлігі болып табылатын, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Сумитомо Корпорэйшн мен Кансай Электрик Пауэр Ко. арасындағы «АППАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметі жайлы құрылтай келісімшартына қол қойды.

  • 2007 жылғы 12 ақпан

Алғашқы технологиялық ұңғыма салынды.

  • 2007 жылғы 2 тамыз

Атом энергиясының объектілерін салу, пайдалануға енгізу, пайдалану және пайдаланудан шығару бойынша мемлекеттік лицензия алды

  • 2007 жылғы 7 желтоқсан

Бірінші блоктың шала тотықтандырылуы басталды (0 блок, Песчаный телімі).

  • 2008 жылғы 30 сәуір

«АППАҚ» ЖШС кенішіндегі алғашқы тауарлық уран десорбаты алынды

  • 2008 жылғы 3 маусым

«АППАҚ» ЖШС кенішінің ресми түрде ашылуы.

  • 2011 жылғы сәуір

Уранның алғашқы 1000 тоннасы өндірілді.

  • 2015 жылғы тамыз

Уранның алғашқы 5000 тоннасы өндірілді.