8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың аялы алақаны аяулы, арда көктемнің алғашқы мерекесі, Жер жүзінің құлпырып, табиғаттың оянуы да осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, осынау айтулы мерекеде аналарымыздың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету біздің парызымыз. Осы орайда 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қарақұр ауыл әкімдігінде де шырайлы шара өтті. Қарақұр ауылының әкімі Ордабек Жәмиев пен ауыл әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өндіріс орындарын мерекеге тарта отырып өткізген айтулы шараға «Аппақ» ЖШС-нің директоры Александр Борисұлы Авдеев бастаған өндіріс басшылары келіп, Қарақұр ауылы аумағында тұратын 71-анаға «Алтын алқа» иегерлері мен «Батыр аналарға» айрықша құрмет жасалды.
Мерекелік құттықтаулар мен сый-сияпат тапсыру карантин талаптарын сақтай отырып, аналардың үйлеріне апарып берілді.
Демеушілік жасаған ел ағаларына Қарақұр ауылы аумағында тұратын алтын құрсақты аналар ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.