«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) тиісті ішкі корпоративтік рәсімдерді жүргізгеннен және Компанияның Директорлар кеңесі мақұлдағаннан кейін Компания басшылығының құрамындағы мынадай өзгерістер жоспарланғанын хабарлайды.
Экономика және қаржы жөніндегі бас директор
Мейіржан Юсупов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты Экономика және қаржы жөніндегі бас директор және Басқарма мүшесі қызметінен босатылды. Юсупов мырза Компанияның табысына, әсіресе 2018 жылы Қазатомөнеркәсіпті жекешелендіру аясында Компанияны IPO-ға дайындау және шығару кезеңінде үлкен үлес қосты.
Экономика және жоспарлау жөніндегі басқарушы директор Камила Сыздықова Экономика және қаржы жөніндегі бас директор лауазымында Юсупов мырзаны ауыстырады. Сыздықова ханымның Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де уран саласында, соның ішінде Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобындағы түрлі лауазымдарда 10 жылдан астам жұмыс істеген тәжірибесі бар. Сыздықова ханым Компанияны IPO-ға дайындау кезеңінде маңызды рөл атқарды, сонымен қатар SAP ERP және Цифрлық бизнес-тәжірибелерді енгізуді қоса алғанда, Компанияны трансформациялау және цифрландыру жобаларына белсенді қатысып келеді.
Ядролық отын циклі (ЯОЦ) жөніндегі бас директор
Бауыржан Ыбыраев, ЯОЦ бас директоры, Басқарма мүшесі, 63-тегі зейнет жасына толады, осыған байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап физика және ЯОЦ саласындағы ұзақ және жемісті еңбектен соң қызметінен босатылады. 2001 жылдан бастап Ыбыраев мырза Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруші және ғылыми-техникалық еншілес кәсіпорындарында әртүрлі басшылық және техникалық лауазымдарды атқарды, 2015 жылы Өндіріс және ЯОЦ жөніндегі бас директор болып тағайындалды. Компания Ыбыраев мырзаға Қазатомөнеркәсіптің уранның әлемдік нарығында көшбасшы орынға ие болуына қосқан үлесі үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ғылымы мен атом саласын дамытуға қосқан үлесі үшін де алғыс білдіреді.
2015 жылдан бері Қазатомөнеркәсіптегі түрлі лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар ЯОЦ басқарушы директоры Мәжит Шәріпов ЯОЦ бас директоры лауазымында Ыбыраев мырзаны ауыстырады. Шәріпов мырза мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 31 жылдан астам тәжірибесі бар, ол жаңа лауазымда компанияның дамуына елеулі үлес қосады.
Маркетинг жөніндегі бас директор
Риаз Ризви өзінің Қазатомөнеркәсіппен жасасқан еңбек шартының аяқталуына және өзінің алдағы жоспарларына байланысты 2020 жылдың соңында Маркетинг жөніндегі бас директор және Басқарма мүшесі қызметінен кетеді. Компания Ризви мырзаға Қазатомөнеркәсіптің жаңа ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеуде және маркетинг, сату мен келісім-шарттар портфелін басқару бойынша мықты әрі коммерциялық бағдарланған команданы дамытуда өзінің тәжірибесін қолданғаны үшін алғыс білдіреді. Ризви мырзаның тәжірибесі баға жетпес және Trading House KazakAtom (THK) швейцарлық трейдингтік еншілес компаниясын құруда, компанияның активтерін қайта құрылымдау бағдарламасын және IPO-сын іске асыруда маңызды рөл атқарды. Осы бастамалардың арқасында Қазатомөнеркәсіп бүгінде нарыққа бағдарланған, өз қызметін ашықтық, клиентке бағдарлану және ұзақ мерзімді құнды құру қағидаттарында жүзеге асыратын компания ретінде танылды.
Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобында 2006 жылдан бері жұмыс тәжірибесі бар Сату жөніндегі басқарушы директор Асқар Батырбаев Маркетинг жөніндегі бас директор лауазымында Ризви мырзаны ауыстырады. Батырбаев мырза уран маркетингіндегі, сатуларындағы және логистикасындағы практикалық тәжірибесімен, сондай-ақ өндірістік еншілес кәсіпорындардағы жұмыс тәжірибесімен Компанияның басқару командасына қосымша жаңа серпін береді.
Стратегия және даму жөніндегі бас директор
Стратегия және даму жөніндегі бас директор және Басқарма мүшесі Біржан Дүйсембеков Regent 's University London университетінің менеджментінде магистрлік дәрежесін алу мақсатында оқу демалысына шықты. Активтерді және инвестицияларды басқару жөніндегі басқарушы директор Ерлан Төлеуғожин Дүйсембеков мырза болмаған кезеңде Компанияның Стратегия және даму жөніндегі бас директорының міндетін атқаратын болады. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында әр түрлі лауазымдарда 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар Төлеуғожин мырза 2018 жылы «КАТКО» БК» ЖШС-ға Қаржы жөніндегі атқарушы директордың орынбасары ретінде қосылып, 2019 жылы Қазатомөнеркәсіптегі өзінің қазіргі лауазымына ауысты.
Өзге де өзгерістер
Сонымен қатар, Компания Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Марат Елемесов 2021 жылғы қаңтардан бастап Қазатомөнеркәсіп Басқармасының құрамына кіретінін хабарлайды. Елемесов мырзаның мемлекеттік қызметте және жеке секторда халықаралық құқық саласында, оның ішінде Қазатомөнеркәсіптегі екі жылды қоса алғанда, 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
«Біз әріптестеріміздің болашақ бастамаларына сәттілік тілейміз, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Және олардың әрқайсысына Компанияның қаржылық, коммерциялық және технологиялық табысына, сондай-ақ Қазақстандағы ядролық отын циклін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтамыз. Мен сондай-ақ, біздің басшылығымыздың командасына қосылған тәжірибелі және талантты қызметкерлерді жылы лебізбен қарсы алғым келеді. Олардың бұл тағайындаулары заңды және біраз уақыттан бері Компания басшылығының сабақтастық жоспары аясында талқыланды; олардың тәжірибесі барлық мүдделі тараптарға пайдалы болады және біздің мықты, орнықты және табысты компания құру жөніндегі тұрақты жұмысымызда Қазатомөнеркәсіп үшін құнды болмақ».
Жоғарыда аталған өзгерістердің нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазатомөнеркәсіп басшылығы мына құрамда болады:
- Ғалымжан Пірматов, Басқарма Төрағасы;
- Камила Сыздықова, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
- Дәурен Құнанбаев, Өндіріс жөніндегі бас директор;
- Бексұлтан Бекмұратов, HR және трансформация жөніндегі бас директор;
- Асқар Батырбаев, маркетинг жөніндегі Бас директор;
- Мәжит Шәріпов, ЯОЦ жөніндегі бас директоры;
- Ерлан Төлеуғожин, Стратегия және даму жөніндегі бас директордың м. а.;
- Марат Елемесов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.
Басшылық командасының жаңа мүшелерінің толық өмірбаяндары олардың нақты тағайындалуына қарай Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қол жетімді болады: www.kazatomprom.kz
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), IR ж PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, IR ж PR департаменті директорының орынбасары
Тел: +7 7172 45 80 63 Email: prkazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Компания 2019 жылы табиғи уран өндірісі бойынша әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24%-ын құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынға ие. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.