Қазатомөнеркәсіп сертификаттау аудитінен сәтті өтіп, Компанияның DIN EN ISO 14001:2015 (Экологиялық менеджмент жүйелерін сертификаттау) және DIN EN ISO 45001:2018 (Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджментін сертификаттау) талаптарына сәйкес келетін Қоршаған орта менеджменті жүйесін және Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін қолданатынын куәландыратын TÜV International Certification сертификатына ие болды.
Компанияда құжатпен рәсімделіп, қолданысқа енгізілген ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 жүйелерінің нақтылығына Қазатомөнеркәсіптің сертификациялық аудитін «Интерсертифика-ТЮФ» ЖШС (Германия) сарапшылары үстіміздегі жылдың наурыз айында «ТЮФ Тюринген в Республике Казахстан» компаниясымен бірлесіп жүргізді.
Бұл сертификаттау Қазатомөнеркәсіпке өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу және азайту, жүзеге асырылатын қызмет түрлерімен байланысты қауіптерге ұшырауы мүмкін қоршаған орта, қызметкерлер немесе басқа да мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді жою немесе азайту процестерін жетілдіруге және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелерді неғұрлым тиімді орындауға мүмкіндік береді.