«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама, дивидендтер бойынша ұсынымдар және Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) 2022 жылғы 11 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен Компанияның Директорлар кеңесінің («Директорлар кеңесі») кезекті отырысының нәтижелері туралы хабарлайды. Директорлар кеңесі бірқатар, соның ішінде Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу мерзімі мен форматы, 2021 жылдың қорытындылары бойынша акционерлерге дивидендтер төлеу мөлшері мен мерзімі және 2021 жылғы біріктірілген жылдық есепті бекіту туралы шешімдер мен ұсынымдар қабылдады. Сондай-ақ Директорлар кеңесі қазіргі геосаяси жағдайды және Компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдерді талқылады.

«Қазақстан Республикасы 2021 жылы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Мәжит Шәріпов, – Қазатомөнеркәсіп жария компания және уран мен ядролық отынның экспорты мен импорты бойынша ұлттық оператор ретінде, міне, 20 жылдан астам уақыт бойы өзінің сенімді және жауапты жеткізуші беделімен сала көшбасшысы мәртебесін растай отырып, бизнесті табысты жүргізіп келеді.

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші, 2021 жылы оның үлесіне табиғи уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 24% - ы тиесілі болды. Топ 14 уран өндіруші активтерді біріктіреді, оның 12-сі атом саласының жетекші әлемдік компанияларымен бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG) саласындағы бизнестің барлық аспектілерінде халықаралық стандарттарға сәйкес өнім сапасына қойылатын ең жоғары талаптарды сақтау өндірілетін қазақстандық уранның әлемнің кез келген нүктесінде өндірілген материалдан кем түспейтініне және тіпті асып түсетініне кепілдік береді. Табиғи уранның әлемдік ірі ресурстарының бірі шоғырланған Қазақстанның бірегей геологиялық жағдайлары қоршаған ортаға барынша аз әсер етумен қатар, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз ете отырып, уранды жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен өндіруге мүмкіндік береді. Әлемдік экономика энергетикалық қауіпсіздікке ұмтылады және экологиялық таза ядролық энергетикаға көбірек сенім артады. Компания АҚШ-тағы тұтынушыларды қоса алғанда, өзінің халықаралық әріптестерімен және бүкіл әлем бойынша энергетикалық компаниялармен жұмыс істеуге дайын, Қазатомөнеркәсіп олармен берік қатынастар нығайтуды жалғастырады, осылайша реакторлардың үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді».

«АҚШ - та ресейлік уран импортына тыйым салу туралы жақында АҚШ бастамашылық жасаған заң жобасы аясында Қазатомөнеркәсіп бейбіт жолмен шешуге және Украинадағы қайғылы оқиғаларды тоқтатуға бағытталған барлық бастамаларға қолдау білдіретінін атап өту маңызды, - деп толықтырды Қазатомөнеркәсіптің Тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу. Алайда ұсынылып отырған заң жобасын талқылау аясында Қазақстаннан шыққан табиғи уран Ресеймен жиі байланыстырылады, бұл жаңсақ түсінік. Қазақстандық табиғи уран, оны Қазатомөнеркәсіп немесе біздің шығыстағы әлде батыстағы серіктестеріміз жеткізетініне және пайдаланылатын тасымалдау маршрутына қарамастан, батыстағы конверсиялық кәсіпорындарға барғанға дейін өзінің шығу тегі мен меншік құқығын өзгертпейді. Ұсынылып отырған заң жобасы қазақстандық табиғи уранды шектемейтіні түсінікті болуы тиіс және Қазатомөнеркәсіп Компанияның сенімділігіне сенген және күмән келтірмеген клиенттеріне  өнім жеткізуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды және өз міндеттемелерін орындауды жалғастыратын болады».

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы туралы хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс, өз акционерлеріне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – «АЖЖЖ» немесе «Жиналыс») сырттай өткізілетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

2.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы жылдық (жеке және шоғырландырылған) қаржылық есептілігін бекіту туралы.

3.    2021 жылғы шоғырландырылған таза кірісті және өткен жылдардағы шоғырландырылған бөлінбеген пайданың бір бөлігін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау туралы.

4.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат.

5.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

6.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің шекті және нысаналы мәндерін белгілеу туралы.

7.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы.

8.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.

9.    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын бекіту туралы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады (2022 жылғы 11 сәуірдегі № 3/22 хаттама).

Бюллетеньдерді беруді бастау күні – 2022 жылғы 19 мамыр.

Бюллетеньдерді қабылдауды аяқтау күні – 2022 жылғы 26 мамыр 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2022 жылғы 27 мамыр 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні мен уақыты – 2022 жылғы 20 сәуір 00 сағат 00 минут (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейінгі 10 (он) күннен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к., 17/12 құрылыс, 18-қабат, 11-кабинет мекенжайындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесінде жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) қолжетімді болады. Компания акционерінің сұрау салуы болған кезде Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар мұндай акционерге сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сауалдары Компанияның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Алдағы жиналыс туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Компанияның интернет-ресурсында «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Компанияның Жарғысына сәйкес қолжетімді болады.

Дауыс беруді өткізу тәртібі:

Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын / заңды тұлғаның атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға – акционер (жеке тұлға – акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/төлқұжатының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс. Акционер сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.

Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға – акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.

Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.

Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының біреуі ғана белгіленуі тиіс.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алуы немесе Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс мекенжайы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесіне 2022 жылғы 26 мамырда 18 сағат 00 минутқа дейін қолма - қол беруі тиіс.

Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.

Егер барлық бюллетеньдер берілген күнге не бюллетеньдерді беру мерзімі аяқталған күнге оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, жиынтығында Компанияның дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы бар акционерлер (акционерлердің өкілдері) тіркелген болса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің тізімін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жасайды.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі Компанияның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және (немесе) Компанияның Жарғысында көзделген тәртіппен Компанияны басқаруға қатысуға құқығы бар.

Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың депозитарий (Citibank N. A.) арқылы бенефициарлық иеленушілерге қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру ақпаратын және басқа да ақпаратты «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ға ұсынған жағдайда, депозиттелген акцияларға қатысты бенефициарлық иеленушілер атынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналыстарында дауыс беруге құқығы бар.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы дивидендтері бойынша ұсынымдар

Қазатомөнеркәсіптің дивидендтерін есептеу жөніндегі материалдарды дайындау шеңберінде 2021 жылдың нәтижелері бойынша 2021 жылға бұрын жарияланған мынадай көрсеткіштер аздап түзетілді: EBITDA түзетілген көрсеткіші 350 294 млн теңгені құрады (бұрын 349 628 млн теңге жарияланған болатын), EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар) 276 510 млн теңгені құрады (бұрын 275 844 млн теңге жарияланған болатын). ХҚЕС-қа жатпайтын осы көрсеткіштер 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Қазатомөнеркәсіптің шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде есептелді. Қаржылық есептілікте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер жоқ, сондықтан өзгерістер Компанияның қаржылық есептілігіне әсер етпейді. 2022 жылғы 16 наурызда шығарылған 2021 жылғы қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдауға тиісті өзгерістер енгізілетін болады және жаңартылған нұсқасы Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында жарияланатын болады.

(миллиард теңге, егер басқасы көрсетілмесе)

2021

2020

Өзгеріс

Түзетілген EBITDA көрсеткіші1

350,3

325,7

8%

EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар)2

276,5

295,5

(6%)

Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі.
Бұрын ол «түзетілген EBITDA (қатысу үлесіне барабар)» ретінде анықталды. БК және қауымдасқан кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесті шегергендегі түзетілген EBITDA көрсеткіші ретінде және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың (әрбір есепті кезең ішінде оның болмашы әсеріне байланысты «Буденовское» БК» ЖШС EBITDA қоспағанда) «бақыланбайтын үлесі» шегергендегі бақыланбайтын үлесті шегергендегі түзетілген EBITDA көрсеткішінің үлесі ретінде есептеледі. «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС EBITDA түзетілген көрсеткішінде және топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде.

Дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлер 2022 жылғы 26 мамырдағы жиналыста мақұлдауға тиіс. 2021 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштер негізінде Директорлар кеңесі 2021 жылға төленетін 876,74 теңге сомасындағы бір жай акцияға (бір ҒДҚ бір жай акцияға тең) дивиденд мөлшерін ұсынды. Осылайша, дивидендтердің жалпы сомасы шамамен 227,4  миллиард теңгені құрайды, бұл Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес "Орталық" ӨК" ЖШС қатысу үлесінің 49% - ын  өткізуден түсетін түсімдер (бір реттік әсер) қоса есептелген еркін ақша ағынының 75% - ын құрайды. АЖЖЖ мақұлдаған жағдайда, 2021 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеу 2022 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2022 жылғы 15 шілдеден жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT+6) басталады.

Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің құрамы

Бұдан бұрын хабарланғандай, Болат Ақшолақов мырза үстіміздегі жылғы қаңтар айының басында ҚР үкіметі құрамында Энергетика министрі болып тағайындалды және тиісінше, Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) мажоритарлық акционерінің мүдделер өкілі ретінде өз өкілеттігін тоқтату туралы өтініш жазды. Қор Компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге (2023 жылғы 18 мамыр) Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінде Қор мүдделерінің өкілі етіп тағайындауға Ернат Бердіғұлов мырзаның кандидатурасы туралы шешімін ұсынды.

Бұдан басқа, 2022 жылғы 25 наурызда Компанияның тәуелсіз директоры Әсем Мамутова ханымнан 2022 жылғы 1 сәуірден бастап өз өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта Мамутова ханымның орнына Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау қарастырылып жатқан жоқ, бұл Директорлар кеңесі мүшелерінің санын сегізден жетіге дейін қысқартады.

Бердіғұлов мырзаны тағайындау, Ақшолақов мырза мен Мамутова ханымның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау мәселелері 2022 жылғы 26 мамырға жоспарланған алдағы АЖЖЖ-да қаралатын болады.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы Біріктірілген жылдық есебі

Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың Лондон қор биржасының, Astana International Exchange (AIX) биржасының және Қазақстан қор биржасының листинг қағидаларының талаптарына сәйкес, сондай-ақ сондай-ақ Жаһандық есептілік бастамасының (GRI) орнықты даму саласындағы есептілік стандартына және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес дайындалған біріктірілген жылдық есебін (бұдан әрі - БЖЕ) бекітті. Қор биржаларының листингтік қағидаларының талаптарына сәйкес БЖЕ-ның мәтіндік нұсқасы Компанияның интернет-ресурсында 2022 жылғы 30 сәуірден кешіктірілмей жарияланатын болады. БЖЕ-ның толық электрондық нұсқасы Компанияның интернет-ресурсында 2022 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей қолжетімді болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenovaatkazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.