Бас директордың халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары
Функционалдық міндеттері:
- Жапонияның уран нарығының маркетингтік зерттеулерін жүзеге асыру;
- Жапондық құрылтайшылармен өзара ықпалдасу барысындағы үйлестіруші рөлі;
- Бас директордың халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары құзыретінің шегінде, «АППАҚ» ЖШС-нің уранды өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне жұмыскерлерді алуға қатысты сұхбат жүргізу және ұсыным жасау және сенімхатқа сәйкес, Бас директор құқық берген басқа да уәкілеттіктер.
Токио университетін бітірген. «Ядролық техники» саласындағы бакалавр, кейін Токио университетіндегі «Ядролық техники» саласындағы магистратураны сәтті тамамдаған.
Еңбек жолының алғашқы жылдарында Sumitomo корпорациясының ядролық отын департаментінде қызмет атқарған, кейін Sumitomo корпорациясының Мәскеулік өкілдігінде менеджер болып жұмыс істеген. Бұдан кейін «Сумитрейд» ЖАҚ бас директорының орынбасары; ТМД елдерінде, Түркияда және Балтық елдерінде, Токиода, Жапонияда менеджер қызметін; Sumitomo Corporation киевтік офисінің Бас директоры; Қазақстан Республикасында Toshiba RUS Бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2018 жылы «АППАҚ» ЖШС Бас директордың халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қосымша жұмыс атқармайды.